• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қараша, 2018

Цифрландыру саласындағы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталды

427 рет
көрсетілді

 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы аясында Қазақстандағы цифрландыру саласының ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталды.

Сайыстың төрешілер алқасы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалық етуімен, үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Ең үздік ІТ-компания» жүлдесін сараптау бойынша комиссиясы сайыс үміткерлердің сенімділігін Astana Hub технопаркі акселераттау бағдарламасының алғашқы түлегі - Kompra сервисінің көмегімен тексерді. Сонымен, Қазақстандағы цифрландыру саласындағы үлестері үшін

«Үздік цифрлы бастама» жүлдесі Денсаулық сақтау минитрлігіне, «Үздік цифрлы кеңсе» марапаты «Оңай» компаниясына табысталып,  «Documentolog» платформасы «Үздік IT компаниясы» болып танылды.  

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»