• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2018

Қызылордада 500 мың тоннадан астам өнім жиналды

378 рет
көрсетілді

Биыл Қызылорда облысында 87,3 мың гектарға күріш егілді, орташа өнімділігі гектарына 54,5 центнерді құрады.

Жоғары өнімді сорттарды пайдалану есебінен соңғы 5 жылда күріш жармасының өндірісі 39 пайызға артып отыр. Ал, осы жылдары күріштің жалпы түсімі 2 есеге артты.

Жалағаш ауданында элеватор базасындағы «Байқоңыр» агрохолдингін құру аймақта күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Ы.Жақаев атындағы күріш өндіру ғылыми-зерттеу институты Бүкілресейлік күріш институтымен бірлесіп Қызылорда облысы үшін арнайы сорттарды шығарып жатыр.

Былтыр облыстағы күріш шаруашылықтарында Иранда сұранысқа ие «Торем Хошеми» сорты өсіріле бастаған. Осыған орай, қармақшылық «Ақтөбе және К» ЖШС осы сортты 70 гектар жерге екті, ал Қазалының «Сыр Маржаны» шаруашылығы сынақтан өткізу үшін 1 гектар аумаққа еккен еді.

2020 жылға қарай облыста Иран күрішінің егістік алқабы 5 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар, өңделген күріш экспортының көлемін 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Осылайша, Сыр өңірінің күріші Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Моңғолия, Ауғанстан және тағы басқа елдерге экспортталатын болады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы