• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2018

Қ.Тоқаев Эстония премьер-министрімен екіжақты байланыстарды дамыту келешегін талқылады

421 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Эстонияның премьер-министрі Юри Ратаспен кездесті.

Қ.Тоқаев Қазақстан мен Эстония арасында сындарлы және сенімді үнқатысу қалыптасқанын атап өтті. Екі ел арасындағы парламентаралық байланыс қос тараптың қатынастарына жаңа қарқын бере алатыны айтылды. Сенат Төрағасы Эстония Парламентімен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізіп, қос тараптың заң шығару органдар делегацияларының екі ел аралық сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстанның саяси өмірінде Сенаттың алып отырған орны мен стратегиялық мақсаттарды іске асыру жөніндегі депутаттардың жұмысы туралы Ю.Ратасты хабардар етті.

Тараптар сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндігін талқылады. Цифрлық технологиялар мен көлік-логистика саласы сияқты келешегі зор өзара іс-қимыл бағыттарына ерекше назар аударылды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан арқылы өтетін, Қытай мен Азияның басқа да елдерін Еуропамен байланыстыратын теміржол мен автокөлік бағыттарының мүмкіндіктері ауқымды. «Ұлттық көлік инфрақұрылымын жаңартуда және оны Ұлы Жібек жолының Қытай тұжырымдамасымен үйлестіруде Қазақстан аймақтағы жетекші хабқа айналып отыр», - деді Сенат Төрағасы.