• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қараша, 2018

Samsung ауруханаларға планшеттер сыйлады

398 рет
көрсетілді

Digital Kazakhstan стратегиясы аясында Samsung компаниясы Астана, Алматы және Түркістанның төрт клиникаға 100 кәсіби «медициналық» планшет сыйға тартты.

Қазақстанды цифрландыру жөніндегі Елбасының стратегиясы шеңберінде денсаулық сақтау саласын жаңа технологияларға өткізу үшін Samsung мобильдік құрылғысы Damumed кешенді медициналық ақпарат жүйесімен жабдықталған. Бағдарламалық қамтамасыз етуді отандық компания, «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы өз жауапкершілігіне алған.

Жүйеге республиканың Денсаулық сақтау министрлігі порталы, 700-ден астам медициналық ұйымдар, 825 000 қолданушы енгізілген. Онда 65 миллионнан астам құжат сақталған.

планшеттері дәрігерлерге, медбикелерге, фармацевттерге және басқа да медициналық қызметкерлерге арналған. Алдын-ала ендірілген бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғысы көптеген жұмысты жеңілдетіп әрі жеделдетеді, туындаған мәселелерді тиімді шешуде және артық қағаз жұмыстарынан құтылуға септігін тигізеді.

Мәселен, дәрігер емделуші туралы мәліметті планшетке енгізеді. Нәтижесінде ақпарат жалпы жүйеде сақталады. Бұл жүйедегі ақпарат басқа да медициналық ұйымдар үшін қолжетімді болмақ. Бұрын медициналық картаның немесе дәріханаға барар жолда жоғалған дәрігер нұсқауы, көптеген қиындықтар туғызатын. Алайда, көп ұзамай бұл құжаттардың еш қажеті болмайды. Қажетті ақпаратқа қол жеткізу үшін, арнайы БҚ орнатылған планшет пен ғаламтор жеткілікті.

қаласының акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басшысы Динара Мирзахметова 1 шілдеден бастап клиника денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша пилоттық жобаға қатыса бастағандығын және қағаздан заманауи ақпараттық технологияларға көшкендігін хабарлады. .

«Мысалы анестезиологтар ота жасау кабинетінде наркоз картасын планшетте жүргізеді. Бұл әрине стационарлы компьютерге ендіруден әлдеқайда ыңғайлы», деді ол.

Бірыңғай ақпараттық жүйе емделушілер үшін де қолайлы. Олар ЖСН-н ендіру арқылы өздеріне қажетті ақпаратты көре алады. Мысалы, өз денсаулығы туралы ақпаратты көреді немесе қай емханаға тіркелгендігін біле алады.

Әрине, бұл жағдайда құпия мәліметтердің сақталуы туралы сұрақтар туындайды. Ақпараттар қаншалықты қорғалған? Бұл сауалға Samsung былай жауап береді: «Планшеттерде алдыңғы қатарлы шешім - ақпараттық қорғаныс KNOX орнатылған. Ол зиянкестерден контенттерді көпдеңгейлі, яғни, бағдарламалық және аппараттық қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл платформа шет елдерде үкіметтік, оның ішінде қорғаныста және ведомстволарда қолданылады. Сондықтан, жүйенің сенімді қорғаныста екендігін білуге болады».

Samsung өзінің инновациялық шешімдері арқылы Денсаулық сақтау министрлігі, «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы және «Аяла» қорымен ынтымақтастықта бірге жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын дамытуда белсенді қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін компания Қазақстанға алдыңғы қатарлы кореялық кардиологтардың келуіне көмектескен еді. Олар мұнда жүрек алмастыру бойынша қиын оталар жасады және жергілікті мамандармен өз тәжірибе алмасқан болатын. Одан басқа, Samsung онкологиялық ауруға шалдыққан балалар ауруханасында интерактивті «ақылды» сыныптар ашты. Кішкентай емделушілер мектепке бара алмаса да, өз қатарластарынан қалып қоймай, сабақтарын жалғастыруға мүмкіндік алды.