Қазақстан сөз бостандығын қамтамасыз ету, пікір білдіру, журналистер үшін еңбек етуге қауіпсіз жағдай жасауға аса маңыз береді және БАҚ-тың одан әрі жан-жақты дамуына мақсат қояды. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезирмен кездесуінде айтылды.
Кездесу барысында сөз бостандығының және пікір білдіру қағидаттарын қорғау мен ілгерілетуіне, Қазақстандағы БАҚ институтының дамуына ықпал етуге байланысты, оның ішінде заңнамалық негізінде, өзекті мәселелер талқыланды.
Тараптар Қазақстан мен Ұйымның өзара іс-қимылының динамикасын жоғары бағалап, біздің еліміздің рөлін, әсіресе 2010 жылы төрағалық еткен кезіндегі 21 ғасырдағы жалғыз Саммиттің өтуі және тарихи Астана декларациясын қабылданғанын атап өтті. Ірі елдер арасындағы өзара түсінушілікті табуға бағытталған өзінің бітімгерлік бастамаларымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі танымал атап өтілді.
Қ.Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің қызметін, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілінің офисімен тиісті мемлекеттік органдары арасындағы тиімді ынтымақтастықты құптады.
А. Дезир Қазақстан тарапына БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі офисінің жұмысына оң баға бергені үшін алғысын білдере отырып, Қазақстанның ЕҚЫҰ қызметіндегі сындарлы рөлін атап өтті.
ЕҚЫҰ-ның жоғары дәрежелі өкілі ЕҚЫҰ-ның 20-шы мерейтойлық Орталық Азия медиа конференциясының «Журналистиканың болашағы» тақырыбына арналған жұмысына қатысуы үшін екі күндік сапармен Астанаға келді.
Орталық Азия медиа конференциясының күн тәртібіне цифрлық трансформация дәуіріндегі ақпараттың сапасы мен журналистиканың болашағы, «жалған жаңалықтар мен жалған ақпарат», сондай-ақ желіде пікір білдіру бостандығы бойынша мәселелер кіреді.
Конференцияға 100-ге жуық жергілікті және шетелдік журналистер, азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері мен академиялық топтар, аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мәселелерін талқылайтын халықаралық сарапшылар қатысуда.
ЕҚЫҰ-ның медиа конференциясының шеңберінде А. Дезир Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен де кездесті.