• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2018

«Ақылды қала» қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

848 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында жаңа инновациялық жаңалықтарға негізделген «Ақылды қала» жобасы іске асырыла бастады.

Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге арналған «ОV Orda» бұлтты бейнебақылауы арқылы Қазақтелеком АҚ-ның қаржысы есебінен қаладағы тұрғын үйлерге видеодомофондар орнатылып жатыр. Мұнда тұрғындар үшін мобильді қосымшалары жасалып, бір апталық бейнежазбалары мұрағатта сақталатын болады. Абоненттік төлем әр пәтерге 300-500 теңге көлемінде болады.

Алғашқы болып Астана мөлтек ауданындағы екі көпқабатты тұрғын үй қосылған. Екінші кезең бойынша Сырдария, СПМК-70, Арай-2, Сұлтан Бейбарыс, Мерей мөлтек аудандарындағы 91 көпқабатты тұрғын үй қосылатын болады. Сондай-ақ үшінші кезеңде жыл аяғына дейін тағы 50 көпқабатты тұрғын үйді қосу жоспарланып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы