• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2018

Қызылорда қаласында шағын мөлтек аудан пайдалануға беріледі

925 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы шағын мөлтек аудан пайдалануға беріледі.

Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:

- Елбасының Бес әлеуметтік бастамасына сәйкес бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1747 пәтерлік тағы 69 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Кемінде 55-ін биыл іске қосамыз, олардың қатарында Сырдарияның сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғын үйден құралатын тұтас шағын мөлтек ауданды пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді.

Сөз ыңғайында айта кетейік, 2013 жылдан бастап қолға алынған аймақтағы апатты жағдайдағы кезекте тұрған үй иелерінің мәселесі 2017 жылы оң шешімін тапты. Бүгінгі таңда облыс бойынша апатты жағдайдағы үйлердің орнына 645 отбасы үшін жаңа жайлы баспана салынды.

Сонымен қатар, соңғы 3 жылда жеке тұрғын үй құрылысы шеңберінде 24 мыңнан астам жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, тек 2017 жылдың өзінде тұрғындарды баспанамен қамту 17%-ға жуық, ал, 2018 жылдың 9 айында тағы 4%-ға өсті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы