• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Бокс 08 Қараша, 2018

Әділбек Ниязымбетов: Спорттық карьерамды аяқтаймын

1031 рет
көрсетілді

Белгілі боксшы Әділбек Ниязымбетов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында  бокстағы кәсіби жолының аяқталғаны туралы айтты.

«2018 жылмен менің бокстағы кәсіби жолым тәмәм деуге болады. Соңымыздан өсіп келе жатқан жастар бар. Солар мен алмаған асуды бағындырсын. Екінші жағынан 15 жыл бойы үнемі оқу-жаттығу жиындары деп үй бетін көрмедік. Үнемі түзде жүрдім. Спортта жетістікке жетумен бірге денсаулық та сыр берді», деді Ә. Ниязымбетов.

Спортшы денсаулығын емдеу үшін биыл Оңтүстік Кореяға ем-дом алуға барып келді. Кореялық дәрігерлер қазіргі ахуалымен спортта жүре беруге болмайтынын қатаң ескертіпті.

Олимпиаданың және әлемнің 2 дүркін күміс жүлдегері бокстасуда жастарға жол беріп, әрі қарай шағын футболды дамытуға үлес қосуды жоспарлап отыр.