• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қараша, 2018

Әскери барлаушылар күнін атап өтті

439 рет
көрсетілді

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен Әскери барлау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Қарулы Күш­тер­дің ардагерлері мен әскери бар­лау органдарының өкілдері қа­тысты. Құрылған сәттен бас­­­тап барлау инс­титуты бас­шы­лық ету­дің тиім­­ді жүйе­сін, оның жауын­гер­лік­ ор­ган­­­­дарының дұрыс ұйым­­дас­тырылған түрде құры­луын, әр­­түрлі жауынгерлік іс-қимыл­дарды қамтамасыз етуде олар­дың нәтижелі қолданылуына ба­­сымдық берді. Оған қоса ақ­па­­раттық технологиялардың да­муы­мен әртүрлі барлау түрлері саны­ның ұлғаюы байқалуда. 

– Тәуелсіздік жылдары ішінде Елбасы – Қарулы Күштердің Жоға­рғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың басшылық етуімен Қару­лы Күш­тер еліміздің берік қал­қа­нына айналды. Бүгінде халық­ара­лық шарттардың жойылуы, саяси тұрақсыздық, терроризм акті­лері, әскери іс-қимылдардың ақпараттық, кибернетикалық әдістері қолданылуынан әлем­ге елеулі қауіп-қатер туып тұр. Осы ретте әскери барлау мемлеке­ті­міз­дің ұлттық қауіпсіздігін қам­та­масыз ету жүйесінің жалпы құры­лымында маңызды рөлге ие, – деді Қорғаныс министрі.

Сондай-ақ салтанатты ша­ра барысында қорғаныс ведомство­сының басшысы әскери барлау органдарын дамытуға үлес қосып жүрген барлау бөлімшелері әскери қызметшілері қызметінің күрделілігі мен маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрі олардың кәсіпқойлықтарын сауатты басқару және шебер ұйымдастырумен ұштастыруда өз ісіне деген адалдықтарын атап өтіп, ардагерлерге ерекше ілти­пат пен алғыс білдірді. 

Іс-шара соңында анағұрлым ерекше көзге түскен офицерлер мен сержанттар ведомстволық медальдармен және бағалы сый­лық­тармен наградталды.

Серік ӘБДІБЕК, 

«Егемен Қазақстан»