• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Қараша, 2018

Б.Сағынтаев АӨК қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

231 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау моделін жетілдіру мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» басқарма төрағасы Р. Құрманов негізгі бағыттар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мәселені талқылауға Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаев, Қаржы министрі Ә.Смайылов, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы, «ҚазАгро» ҰБХ директорлар кеңесінің мүшесі Б. Жәмішев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы А. Мамытбеков қатысты.