Мақтааралда ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында спорттың 5 түрінен өткен «Ұландар достығы ұлт бірлігіне ұласады» атты спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Аудандағы этномәдени орталықтарынан құралған командалар кіші футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, армрестлингтен жарысып, жеңімпаздар анықталды. Спартакиаданың марапаттау рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Мақтаарал аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Осы айтулы мереке қарсаңында аудандағы этномәдени орталықтарының жастары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – Мақтаарал ауданының тұрғындары мен жастарының арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Сонымен қатар, ауданымызда отыздан аса ұлт өкілдері тұрады және біз бірлігіміз жарасқан кезде ғана жетістікке жетеміз. Сондықтан, ұлттар достығын насихаттайтын осындай іс-шаралардың көп болуын өз басым қолдаймын. Бүгінгі жарысқа белсене қатысқандарға алғысымды білдіремін. Спортта да өмірде де биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!» - деді Бақыт Нәсірханұлы.
Ауданның барлық округтері мен кенттерін қамтыған спорттық іс-шара қортындыланып, орын алған жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Спартакиаданың қорытындысы төмендегідей:
Футбол
1 орын – «Қоғамдық келісім» КММ 2 орын – Жаңажол а/о 3 орын – Аудандық спорт бөліміВолейбол
1 орын – Мақтаарал а/о және Атакент кенті 2 орын – Мырзакент кенті 3 орын – Бірлік а/оАрмрестлинг
1 орын – Бірлік а/о 2 орын – Мақтаарал а/о 3 орын – Атакент кентіАрқан тартыс
1 орын – Еңбекші а/о мен Иіржар а/о 2 орын – Бірлік а/о 3 орын – 2037 әскери бөлімҮстел теннисі
1 орын – Мырзакент кенті 2 орын – 2037 әскери бөлім 3 орын – 2037 әскери бөлім