Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан жұмыс сапары барысында қоғамның белсенді өкілдерімен кездесті.
Кездесуде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жайлы есебі тыңдалды. Аграрлық секторға 60 миллирд теңге нивестиция құйылған.Тұтастай алғанда биыл 218 миллиард теңге көлемінде қаржы тарту белгіленген. Астық өндірісін әртараптандыру нәтижесінде майлы дақылдар көлемі бір миллион гектар алқапты құраған. Крахмал, клейковина, биоэтанол өндіретін зауыт іске қосылды. Немістің «CLAAS» концерні ауыл шаруашылық техникаларын шығарытын біріккен кәсіпорын салмақшы. Жүк вагондарын құрастыру жобасына 30 миллирад теңге бөлінбек. Жеке индустриалдық аймақ құрылып, оның құрамына 14 кәсіпорын кірген. Былтыр 1350 отбасы пәтерге ие болса, биыл қуаныш иелерінің саны 1500-ге жетіп отыр.
Президент өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге оң баға беріп, халықтың әл-ауқаты мен табысын жақсарту басты міндет болып қала беретінін, осыған орай алда тұрған бірқатар тапсырмалар берді. Қорғаныс және азаматтық салаларда ірі зауыттар жақсы жұмыс істеп тұрғанын атап көрсетіп, келешекте ауыл шаруашылық өнімдерін қалдықсыз өңдеуге баса назар аудару, етті, сүтті барынша көп экспорттаудың мүмкіндіктерін іздестіру,бұл бағыттағы бәсекелестік әлеуетін күшейту жөнінде нақты міндеттер қойды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан
Солтүстік Қазақстан облысы