АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Америка төріндегі додаға визаның уақытылы дайын болмауына байланысты құрама үздіктері қатыса алмаған болатын. Атап айтар болсақ, Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев Калгаридегі алғашқы кезеңнен соң елге оралып, жаттығу өткізуде.
Солт-Лейк-Ситиде Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Денис Никиша тіркеді. Ол 500 метрге жарысудан мәреге төртінші болып келді.