• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қараша, 2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

142 рет
көрсетілді

Қарашаның 7-і мен 12-і аралығында Венгрия астанасы Будапештте синхронды жүзуден халықаралық турнир өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. 

Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орын иеленді. 

Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді. 

Арина Мясникова мен Наргиза Болатова жұптық сында топ жарды. 

Сондай-ақ, топтық жаттығуда да біздің құрама биіктен көрінді. А.Мясникова, Н.Болатова, Э.Какутиа, К.Шаматульская, К.Макарова, Е.Лепихова, Д.Валиулина, Э.Пашковсквя, В.Михальченко, Я.Шевченко, Ю.Рогалева, А.Павлецова топтасып жаттығудан ешкімгі тізгінді берген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар