• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Қараша, 2018

Б.Сағынтаев ХВҚ миссиясының басшысы М.Хортонмен кездесті

301 рет
көрсетілді

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Марк Хортонның басшылығымен келген миссия мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында техни­калық өзара іс-қимыл саласында және макроэкономикалық перс­пективалардың түрлі мәселе­лері, салық-бюджет және ин­вес­тициялық саясаттарды жетілдіру, соның ішінде Президенттің «Қа­зақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында ХВҚ-мен ынтымақтастық әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Еліміздегі құрылымдық ре­формалар мәселелеріне, «Нұр­лы жол», «100 нақты қадам», же­кешелендіру бағдар­лама­ларын іске асыру, сондай-ақ Ас­­та­на халықаралық қар­жы ор­талы­ғының қызметі мәселелеріне ерек­ше көңіл бөлінді.