• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қараша, 2018

Қызылорда облысында пойыздар қозғалысы қалпына келді

496 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында Арал ауданына қарасты Қамыстыбас-Шөміш аумағының 2426 шақырымында ПК-7 П-1273 жүк пойызы рельстен шыққан болатын.

Бүгінде Қазалы станциясында № 481 «Ташкент-Самара» пойызы, Арал теңізі станциясында № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызы, Сексеуіл станциясында № 618 «Қызылорда-Астана» пойызының қатынасы қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда апаттың себебі анықталып жатыр. Адам шығыны жоқ.

- Жедел қабылданған шаралардың арқасында жолаушылар пойызының қатынасы тез арада қалпына келтірілді. Аталмыш пойыздардағы жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. 2 тораптың 1-еуі тазартылып, екіншісі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,- дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы