Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентіне елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарын салу үдерісімен егжей-тегжейлі танысты.