Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2- тармағына сәйкес, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасы өтті.
Аталған шараға Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті де атсалысып, белсенділік танытты. Университет бойынша ашық диктант жазуға 207 қызметкер мен 2793 студент ниет білдірген екен. Ал жалпы алғанда жалпыхалықтық «Ашық диктант» акциясына 3000 мың адам қатысты. Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін түсіндіру, тіл мәрбетесін арттыру мақсатында диктант жазу жергілікті жоғары оқу орындарының жыл сайынғы дәстүріне айналатын болады.
Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы