• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Күрес 16 Қараша, 2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

415 рет
көрсетілді

Румынияның Бухарест қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінің шеберлері екі қола медаль иеленген болатын. Жігіттердің ізін ала қыздарымыз да үштікке енді. 

55 келі салмақтағы Марина Седнева мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізді. 

Седнева ресейлік Марина Симонянді 9:0 есебімен жеңсе, Еркебаева румыниялық Каталина Аксентеннен басым түсті. 

72 келідегі Жәмила Бақбергенова бүгін үшінші орынға таласады.