• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қараша, 2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

794 рет
көрсетілді

Жас спортшы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында өз бағын сынады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

72 кг салмақта өнер көрсететін Қаһарман жартылай финалда грузиялық балуанға 5:7 есебімен есе жіберді. Есесіне, қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

21 жастағы балуан 2015 жылы жастар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы, 2017 жылы ересектер арасында ҚР чемпионы атанып үлгерді.