• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қараша, 2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

306 рет
көрсетілді

Кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с артып, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында жаяу бұрқасын болады. Күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.