• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қараша, 2018

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

343 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Мем­ле­кеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Татар­стан Республикасының Мемле­кеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Сіздің сенімді тірегіңіз, өмір­лік серігіңіз және балалары­ңыз­дың анасы Сәкина Шәкір­қызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Сізге және отбасыңызға ор­ны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сәкина Шәкірқызының жар­қын бейнесі татарстандық­тар­­дың жүрегінде әрдайым сақ­та­ла­ты­нына сенімдімін», – делінген жеделхатта.