• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2012

Екінші ірі жеңісіне жетті

232 рет
көрсетілді

Екінші ірі жеңісіне жетті

Алматыда допты хоккей – бендиден өтіп жатқан әлем чемпиона­тын­да еліміздің бас командасы кезекті жеңісіне жетті. Дүй­сен­бі күні отандастарымыз АҚШ құрамасымен болған екінші ойынында қарсыластарын 13:3 есебімен ұтты.

 

Алматыда допты хоккей – бендиден өтіп жатқан әлем чемпиона­тын­да еліміздің бас командасы кезекті жеңісіне жетті. Дүй­сен­бі күні отандастарымыз АҚШ құрамасымен болған екінші ойынында қарсыластарын 13:3 есебімен ұтты.

Бұл екінші турдағы кездесу де Норвегиямен  болған ойын сияқты қызықты өтті. Ә де­ген­нен-ақ Алексей Никишов­тың жігіттері «Медеу» айды­ны­ның қожайыны кім екенін бірден көрсетті. Ойынның 4-ми­нутында Сергей Почкунов есеп ашты. 26 минутта амери­ка­лықтар есепті теңестір­ге­ні­мен, бірінші таймның соңына дейін отандастарымыз тағы 4 доп соғып, есепті 5:1-ге жеткізді.Екінші таймда қонақтар ша­буылға ұмтылып, есепті қыс­қар­туға тырысқанымен, онысынан еш­теңе шықпады. Керісінше, Қа­зақстан құрамасының сапындағы тағы сол Сергей Почкунов, Леонид Бедарев, Вячеслав Бронников, команда капитаны Рауан Есә­лиев пен Дмитрий Завидовский қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бұл ойында Бронников хет-трик, Бедарев, Насонов пен Почкунов дубль жасаса, қал­ған­да­ры бір-бір доптың авторы атан­ды. Ал америкалықтар сапында Хосфельд, Сандберг, Саватске гол соғып, есепті сәл де болса қысқарта  алды.Кеше кешкісін біздің құрама Швеция құрамасымен кездесті. Ойын кеш біткендіктен, оның нә­тижесін газеттің келесі са­нын­да хабарлауды жөн көріп отыр­мыз. Басқа матчтарда был­тырғы әлем чемпионы – Ресей құрамасы Финляндияны әрең дегенде  5:4 есебімен жеңсе, Шве­ция Норвегиядан 11:0 есебімен басым түсті. Осылардың ішінде Ресей мен Финлян­дияның ойыны қызықты және тартысты өтті. 1957 жылы Суо­миде өткізілген алғашқы әлем чемпионатынан бері бір-бірі­мен ежелгі қарсыластар ара­сын­да өткен ойында ресейліктер  2:0 есебімен жеңіп келе жа­тып, қарсыластарынан 4 бірдей допты жіберіп алды. Бірінші таймда Суоми хоккейшілері есепті теңестіріп қана қой­май, 4:2 есебімен алға шықты. Абырой болғанда, Ресей құрамасы тәжірибелі ойыншыларының арқасында жеңіске жете алды. Кеше кешкісін Ресей құрамасы Норвегиямен кездессе, бүгін Қазақстанмен күш сынасады.Ал дүйсенбіде болған үшінші ойында Швеция Норвегияны 11:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатына бас жүлде үшін ғана келгендерін тағы бір рет көрсетті. Швеция құрамасы сапында ең көп допты Кристиан Микельссон соқты. Ол 5 голдың авторы атанды. Бұның алдында Финляндиямен болған ойында Швеция құрамасы қарсыластарын 12:0 есебімен жеңгенде, Юнас Эдлинг 3 доптың авторы атанған болатын.Осы күні «В» тобының командалары алғашқы ойындарын өткізді. Беларусь Венгрияны 13:5 есе­бі­мен жеңсе, Нидерланды Латвияны 6:2 есебімен ұтты.Кеше «С» тобының командалары да жарыс жолына шықты. Онда Эстония әуелі Қыр­ғыз­станмен, одан кейін Жапониямен кездесті.Қазір әлем чемпионатында Қазақстан құрама­сы доп айырмашылығы бойынша Швециядан кейін екінші орында келеді. Швеция 23 доп соғып, қақпасына әлі бірде-бір гол жібермесе, біз­­­дің ел де 23 рет қарсыластар қақпасын дәл көз­деп, тек өзіне 4 гол ғана жіберіп алған екен. Ал Ресей құрамасы ең көп доп – 24 гол соқса, қақпасына 8 гол жіберіп, үшінші орында тұр.Осы күндері «Медеу» айдыны нағыз спорт мерекесіне айналып отыр. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылардың қазақ топырағында ал­ғаш рет өтіп жатқан байрақты додаға тыңғы­лық­ты, жан-жақты дайындалғаны анық байқалады. Ойындарға Достық даңғылынан қоғамдық кө­лік­тер қатынап, мұз айдынына келген соң еріктілер жанкүйерлерге жол көрсетіп, керек кезде қасынан табылып жатады. Олардың басым бөлігі Азия ойындары кезінде бірнеше тілді еркін меңгеріп, қызмет көрсеткен қыз-жігіттер екен.Ал ойындар кезінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы мінсіз жұмыс істеуде. Мұнда барлық журналист өздеріне қажетті ақпараттарды алып, баспасөз мәслихаттарында кез келген елдің бапкерлері және спортшыларымен сұхбаттасып, әңгімелесе алады.Қанат ЕСКЕНДІР.