Теміртау қаласында жаратылыстану-математика пәндер бойынша ХІ Президенттік олимпиада өтті. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған бұл сайысқа еліміздің барлық облыстарының 11-сынып оқушылары қатысты.
Сайыскерлердің жұмыстарына қазылық еткен төрешілер құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Ломоносов атындағы ММУ-дың ғалымдары болды.
Пән олимпиадасында қарағандылық төрт оқушы қола жүлдегер атанды. Олар – Алтын Аманболды (Балқаш қ., №2 мектеп-лицей), Әлихан Мәжікен («Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты), Карина Беисова (Қарағанды қ., №2 лицей) және Дінмұхамед Байжомарт (Жезқазған қ., «Білім-Инновация» лицей-интернаты).
Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне республикамыздың жоғары оқу орындарының білім гранттарын алуда басымдықтар беріледі.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы