• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2012

Алау мамырда тұтанады

325 рет
көрсетілді

Алау мамырда тұтанады

Лондон Олимпиадасының алауы 10 мамырда, қалыптасқан дәстүр бойынша Олимп тауында тұтанады. Ол әуелі Грекияның бірқатар жерін аралап, 18 мамырда арнайы рейспен Ұлыбри­таниядағы «Culdrose» әскери-теңіз базасына жеткізіледі.

Одан кейін алау Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия қалаларын 70 күн бойы аралайды. Алаугерлер оны 1018 елді мекенде ұстап шығады. Осы шараға мыңнан аса ресми тұлғалар, спортшылар, журналистер және жергілікті тұрғындар қатысады. Алау белгіленген жерлерге ұшақ, кеме, пойыз, трамвай, аспалы жолдар, әуе шары, мотоцикл және велосипед арқылы жеткізіледі.Қазірдің өзінде түрлі салада қызмет ететін 8 мың адам алауды ұстап шығу құрметіне ие болып үлгерген. Алау ең соңғы сәтте Лондонның барлық аудандарын шарлап, Темза өзені бойымен Хэмптон-корт сарайы арқылы 27 шілдеде Олимпия ойындарының ашылу салтанаты өтетін алып стадионға жеткізіледі.