Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев байтақ даламыздың тарихына қатысты жеті ірі қырын айтып, өзі де сол істерді жалғастыру үшін үлкен жобалар ұсынды. Соның бірі – «Дала фольклорының антологиясын» жасау.
«Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.
Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.
Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды», делінген мақалада.