• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2012

Жүзден жүйрік жүлдегерлер

529 рет
көрсетілді

Жүзден жүйрік жүлдегерлер

Алматыда Спорт және дене шынықтыру істері агент­­ті­гініңұйым­дасты­ру­ымен 2011 жылы спорт саласын дамытуда елі­міз­гееңбек сіңірген бір топ азаматтарды мара­пат­тау­­ға арналған дәстүрліспорт кеші өтті.

Оған агенттік төрағасының ор­ын­ба­сары Елсияр Қанағатов, Штат­тағы ұлт­тық командалар және спорт ре­зерві дирекциясының директоры Қай­ыргелді Жанпейісов, көрнекті қа­ламгер Сейдахмет Бердіқұловтың ұлы Заңғар Берді­құлов, Қазақстан Спорт баспа­сөзі қау­ымдастығының прези­денті, белгілі жазушы, республикалық қазақ және орыс тілді «Sport» және «Спорт» газеттерінің бас директоры – бас редакторы Несіп Жүніс­баев, халықаралық аренада еліміз­дің намысын қорғап жүрген танымал спортшылар мен олардың бапкерлері, спорт федера­ция­ла­ры­ның басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Алматыда Спорт және дене шынықтыру істері агент­­ті­гініңұйым­дасты­ру­ымен 2011 жылы спорт саласын дамытуда елі­міз­гееңбек сіңірген бір топ азаматтарды мара­пат­тау­­ға арналған дәстүрліспорт кеші өтті.

Оған агенттік төрағасының ор­ын­ба­сары Елсияр Қанағатов, Штат­тағы ұлт­тық командалар және спорт ре­зерві дирекциясының директоры Қай­ыргелді Жанпейісов, көрнекті қа­ламгер Сейдахмет Бердіқұловтың ұлы Заңғар Берді­құлов, Қазақстан Спорт баспа­сөзі қау­ымдастығының прези­денті, белгілі жазушы, республикалық қазақ және орыс тілді «Sport» және «Спорт» газеттерінің бас директоры – бас редакторы Несіп Жүніс­баев, халықаралық аренада еліміз­дің намысын қорғап жүрген танымал спортшылар мен олардың бапкерлері, спорт федера­ция­ла­ры­ның басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеште әуелі Спорт және дене шы­нық­тыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ер­мегияевтің құттықтау хаты оқылды. Осыдан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша әртүрлі номинацияларда спортты да­мы­туға қосқан үлесі үшін тағайын­далған сыйлық­тың бір топ иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оны агенттік төр­ағасының орынбасары Елсияр Қанағатов бастаған бір топ спорт саласы­ның басшылары жүргізді. Марапаттау рәсі­мін­де Елсияр Бай­мұхамбетұлы сөз сөйлеп, спортшыларды өткен жылғы табыстарымен құт­тық­тап, алдағы уақытта өтетін жарыстарда құрмет тұғырының ең биік сатыларынан көріне берулеріне тілектес­тігін білдірді.

Одан әрі жеңімпаз атанған спортшыларды марапаттау рәсімі өтіп, мұнда әуелі «Жылдың ең үздік спортшысы» жүлдесінің жеңімпазы мен «Жыл спортшысы» номинациясында жүлдегер атан­ған спортшыларға диплом табыс етілді. Сөйтіп, «Жылдың ең үздік спортшысы» атағына ауыр атлетикадан үш дүркін әлемнің чемпионы Илья Иль­ин ие болды. Ал «Жыл спортшысы» жүлде­сімен мына спортшылар марапатталды. Бұл номинацияда грек-рим күресінен 2011 жыл­ғы әлем чемпионатының күміс жүлде­гері, 2010 жылғы қола жүлдегері Алмат Кебіс­баев (бапкері – Б.Қоңы­ратов), бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев (бап­кері – А.Стрельников), Бакуде өткен әлем чем­пионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов (бапкері – М.Жақиев), дзюдодан 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков (бапкері – Т.Байшо­лақов), самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров (бап­кері – М.Оңдағанов), ауыр атлетикадан әлем чемпионы Зүлфия Чиншанло (бапкері – В. және А.Ни), 2009-2010 жылдардағы әлем чемпионы Светлана Подобедова (бапкері – А.Ни), жеңіл атлетикадан 2010 жылғы әлем чемпионы Ольга Рыпакова (бапкері – С.Рыпаков) мен былтырғы жылы тұңғыш рет төл күресімізден өткен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңім­па­зы Ұлан Рысқұл (бапкері – С.Мұстафаев) «Жыл спортшысы» атағын иеленді.

Сондай-ақ, кеште шахматтан жас­өспі­рім­дер арасында төрт дүркін әлем чемпионы атанған қаршадай қызымыз Жансая Әбдімәлікке «Жыл жарқылы», ал өткен жылы тұңғыш рет әлем чемпионы тәжін басына өлшеп көрген тағы бір балауса қызымыз Бибісара Асаубаеваға «Жыл ашар» атағы берілді. Одан кейін ауыр атлетикадан, грек-рим күресінен және бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлері Алексей Ниге, Мұратбек Қасымханов пен Мыр­зағали Айтжа­новқа «Жыл­дың үздік жат­тық­тырушысы» ата­ғы табыс етілді.

Кеште еліміздің ең үздік спорт және дене шынықтыру басқарма­лары да марапатталды. Мұнда үш өңірдің басқарма­лары үздік деп танылды. Олар – Алматы, Қарағанды және Қы­зыл­орда облыстық басқар­малары. Бұл жүлдеге М.Тұрсын­беков (Алматы облысы), Р.Қожа­беков (Қа­рағанды облысы) пен С.Мұстафаев (Қызылорда облысы) ие болды. Сонымен бірге, 2011 жыл­ғы ең үздік спорт федерациясы номинациясында ауыр атлетика, бокс және шахмат федерациялары дипломдармен марапатталды.

Спорт ке­ше­нін­де мүгедек спорт­­шылардың еңбе­гіне баға бе­рілді. Бұл жүлде екі қолынан айы­рыл­са да, ая­ғы­мен жүзіп әлем чемпионы атан­ған Михаил Еременко мен әлем чемпионы Сыздық Далиевке тапсырылды. Осыдан кейін спорт­шылардың жарыс жолын­дағы же­­тістіктерін алғашқы болып жұрт­шылыққа жеткізетін журналистер­дің ең­бегі де ескерусіз қал­ма­ды. Осы бай­қауда «Егемен Қазақстан» газе­тінің тілшісі Дастан Кенжалин, «Қазақ­стан» ұлттық те­ле­арнасының журна­лисі Дина Ысқақова мен «Астана Спорт» журна­лының шолушысы Жанар Өтешова 2011 жылғы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық­тың лауреаты атанды.

Осы күні спорт кеші Қазақстан Спорт баспасөз қауымдастығының кезекті отырысымен жалғасты. Жиында қауым­дастық пре­зиденті Н.Жү­нісбаев жаңадан құрылған ұйымның жұмысы, жақында ғана Авс­трия­ның Инсбург қаласында өткен Халық­ара­лық спорт баспасөз қауымдас­ты­ғы­ның 75-ші кон­гресі туралы мәлімет­тер берді. Одан кейін ол ҚСБҚ-ны дамытудағы ойлармен бөлісті.

Отырыста көтерілген тағы бір мәселе – атқарушы комитеттің мүше­лігіне лай­ықты журналистерді таңдау­ға арналды. Қазір оған 29 спорт шолушысы мүше бол­са, ал­дағы уақытта әрқайсысының ең­бе­гіне қа­рай ат­қарушы комитеттің мүше­сі болуға лайық­тылар ғана таңдап алынатыны айтылды. Осыдан кейін қауым­дастық жанынан ардагерлер кеңесін құру мәселесі сөз болды. Бұл кеңестің мүше­лігіне белгілі қаламгерлер Сұл­танғали Қаратаев, Рабат Жәнібеков пен Сайын Тұрсынов сайланды. Олар­ға жиында Қазақстан спорт бас­па­сөз қауымдасты­ғы­ның атынан сыйлықтар табыс етілді.

Қанат ЕСКЕНДІР.

Алматы.

Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.