• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2012

Жас футболшылар Бразилияға оқуға аттанды

360 рет
көрсетілді

Жас футболшылар Бразилияға оқуға аттанды

Бразилияның «Оле Бразил» ака­­­демиясына өрімдей жастар оқу­ға аттанды. Жас футболшыларды облыс әкімінің орынбасары Махаббат Бигелдиев қабылдап, оларға сый-сияпат көрсетілді.

– Осыдан үш жыл бұрын еліміздің үздік деген жасөспірім спортшылары Бразилиядағы Сан-Паоло штаты, Риберан Прето қа­­­ласының «Оле Бразил» академиясына оқуға жіберілген еді. Олар­дың төртеуі Алматы облысының спортшылары болатын. Футбол ака­демиясында білімдері мен тә­жі­рибелерін шыңдаған спортшыларымыз өткен жылы елге оралып, футбол ұжымдарының қата­рына қосылды. Мәселен, Аслан Рафхат пен Берік Шайыхов «Астана 64», Мұрат Қаламбеков «Же­ті­су» футбол клубында алған білім­дері мен тәжірибелерін танытып, жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр.

Ал Рауан Сариев шеберлігінің арқасында Бразилияның «Атлетико Минейро» клубымен келісім-шарт­қа отырып, тәуелсіз елдің абы­ро­йын асқақтатып жүр. «Спорт­­шы­лардың ізін жалғастырып, тә­­жі­рибеден өту үшін Бразилияға жол жүріп барасыздар. Сапар­ла­рыңа сәт­тілік тілейміз. Бразилия­да­ғы оқу-дайындықтан кейін «Же­тісу» футбол командасының сапында ғана емес, Қазақстан құ­ра­ма коман­да­сының қатарында ел на­мысын қор­ғайды деген сенім­деміз», деді Махаббат Сәдуақас­ұлы.

Жас футболшылар да әрдайым ел сенімін ақтайтындықтарын ор­­таға салды. Құшақтары гүлге толып, жерлестерінің ыстық ілти­па­тымен олар жолға шықты.

Күмісжан БАЙЖАН,

Алматы облысы.

Суретте: жас футболшыларды шығарып салу сәтінен.