«Біртуар ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі, ҚР ғылымы мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың өмірден өткенін қайғыра хабарлаймын. Оның бүкіл өмірі - халыққа қалай қызмет етудің жарқын үлгісі. Карл Молдахметұлы - тарих, Отанымыздың мәдениеті мен археологиясы туралы танымымызды байытқан кісі. Жуырда ғана біз археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша ірі жоспарларды бірге талқылаған едік. Карекеңнің ісін жалғастыру керек деп есептеймін», деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.
Министр тарихшының өмірден өткенін ауыр қабылдағанын, ел үшін орны толмас қаза болғанын жаза отырып, ғалымның туған-туыстарына көңіл айтты.