• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2012

«Өмір үшін сайыс» қайырымдылық турнирінің дәстүрлі көмегі

252 рет
көрсетілді

«Өмір үшін сайыс» қайырымдылық турнирінің дәстүрлі көмегі

Алматыда өткен жылы теннистен дәстүрлі қайырымдылық турнирін өткізген «Play4Life» (өмір үшін сайыс) бастамашы тобы биылғы жылды да қайырымдылық сайысынан бастады. Астана қаласында Ұлттық теннис орта­лығындағы «Дәулет» спорт клубында алғаш­қы қайырымдылық турнирі болып өтті. Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Теннис федерациясы және Астанадағы Ұлттық теннис орталығының қолдауымен «Play4Life» бастамашы тобы ұйымдастырған сайыс «Play4Life Open Astana» теннис спорты әуесқойлары арасында болды.

Қайырымдылық турнирін ұйымдаст­ы­руда­ғы басты мақсат еліміздегі балалар үйлері мен жетім балалар мен мүгедектер орталықтарына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Турнирді ұйымдастырушылар үшін бұл – во­лонтерлік іс-шара және жыл сайынғы коммер­циялық емес жоба. 2006 жылдан бері жүйелі жүзеге асырылып келе жатқан сайыстың биыл жетінші рет Астанада жалғасын табуы, әрине, құптарлық жәйт.

Атап айтарлығы, турнирге қазақстандық және шетелдік «Самұрық-Қазына финанс» ЖШС, СК «Фармация» АҚ, «BG Kazakhstan», «Arcelor Mittal», «Mega Centre Astana»,  «Bec­h­­tel International» және басқа компаниялардың 22 жетекшісі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Қайырымдылық турниріне  «Mobil» және «Varta» сауда маркалы «Kulan Oil» ЖШС, «Евразийский банк» АҚ, «Mont Blanc» сауда маркасы, «Сентрас Иншуранс» АҚ және басқа да компаниялар қатысып, белсенділік танытты. Сондай-ақ, жеке тұлғалар да өз үлестерін қосты, соның нәтижесінде барлығы 2 миллион теңге жинақталды.

Қайырымдылық турнирінің ашылу салтанатында оны ұйымдастырушылар – Ерлан Бал­ғарин мен Елена Цой және Астана қала­сындағы Ұлттық теннис орталығының басшы­лы­­ғынан Қуандық Елжанов сөз сөйледі. Бір құптарлығы, бұл сайысқа қатысушыларға қазақстандық теннис жұлдыздары – М.Кукушкин, Г.Воскобоева және Я.Шведова Австра­лияның Мельбурн қаласынан «Play4Life Open Astana» турниріне қатысушыларға арнап бейнежолдау жіберуінің маңызы зор болды.

Теннистен өткен қайырымдылық сайысынан түскен қаражат «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-қа аударылмақ. Бұл орталықта қант диабетімен сырқаттанатын бір жастан он сегіз жасқа дейінгі 340 бала емделуде. Түскен қаражаттың қалай пайдала­ныл­ған­ды­ғы жөніндегі есеп еліміз Теннис федера­ция­сы­ның сайтында жарияланатын болады.

Қанат ЕСКЕНДІР.

Алматы.