«Балалар Еуровидениесіне» 20 елдің талантты жастары қатысты. Бұл конкурста Қазақстан алғаш рет бақ сынады. Финалда әр елдің өкілдері әділқазы алқасы мүшелерінің дауыстарын жариялады. Қазақстан өзінің 12 ұпайын «Doma» әнін орындаған македониялық Мария Спасовскаяға берді. Ал Данэлияға әділқазы алқасы мүшелері 68 ұпай беріп, ол 8-орынға шықты. Бұдан әрі бұл ұпайға телекөрермендердің 103 ұпайы қосылып, ол 171 баллмен алтыншы орынға ие болды.
Бас жүлдені 215 ұпаймен польшалық Роксана Венгель жеңіп алды. Оның ішінде 136 ұпай - көрермендер берген дауыс санының үлесі. Екінші орын 203 ұпаймен Франция өнерпазына бұйырды.Үшінші орынды 201 ұпаймен Аустралия әншісі алды.