• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2012

«Барыс»: Соңғы секіріс

302 рет
көрсетілді

«Барыс»: Соңғы секіріс

Құрлықтық хоккей ли­га­сының биылғы маусымына кезекті рет қатысып жат­қан Астананың «Барыс» ко­мандасы төрт жеңіске дейін созылатын плей-офф сериясындағы жағдайын қиындатып алды.

Осы аптаның басында Астанада екі маңызды жеңісінен кей­ін Магнитогорге барған «Барыс» алаң иелерінен 4:3 есе­бімен же­ңіліп, 9 наурыз күні болған қа­рым­та кездесуде де «құрыш бал­қытушылардан» дәл осындай есеппен ұтылып қалды. Сөйтіп, төрт жеңіске дейін созылатын сериядағы есеп теңесіп, 3:3 болды. Енді қай команданың келесі айналымға шығатыны «Металлург» мұз айдынында кеше кеш­­кісін өткен кездесуде шешілді.