Еріктілер тек өз ісімен айналысады. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті еріктілерге Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерінде Олимпиада туралы мәліметтерді, фотосуреттерді салуға тыйым салатындарын мәлімдеді.
Сондай-ақ, оларға интернетте спортшылар мен Олимпиадаға келген басқа да атақты адамдар туралы мәлімет таратуға тыйым салынады делінуде. Олимпиаданың өзіне барлығы 70 мыңдай еріктілер тартылады екен.

Бекхэм құрамадағы орыннан дәмелі. Атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм Олимпия ойындарында құрама сапында ойнағысы келетінін мәлімдеді. Жақында ол осы мәселені Ұлыбритания олимпиялық құрамасының бас бапкері Стюарт Пирмен талқылапты. Сонда бапкер Бекхэмге келісімін беріп, оны алаңға шығартқызып қана қоймай, команда капитанының жейдесін сеніп тапсыратынын айтыпты.
Егер Бекхэм құрама капитаны болса, онда оның командасы соңғы 52 жылдан бері Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия құрамаларының басын біріктірген алғашқы команда болады. Ал Бекхэмнің өзі жақында Солтүстік Американың жоғары лигасында ойнайтын «Лос-Анджелес Гэлакси» клубымен келісім-шартын тағы екі жылға ұзартты. Команда ағылшынның Лондон Олимпиадасына қатысуына келісімін беріп отыр.