• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қараша, 2018

Ертең шахматтан әлем чемпионы анықталады

481 рет
көрсетілді

Бұл күндері Ұлыбританияның астанасы – Лондонда америкалық Фабиано Каруана мен норвегиялық Магнус Карлсен арасында шахматтан әлемдік тәж үшін айқастың өтіп жатқаны белгілі.

Бүгінгі таңда әлем чемпионы атағын 27 жастағы Магнус Карлсен иеленуде. Бұл атаққа ол 2013 жылы қол жеткізді. Үміткерлер матчында ресейлік Владимир Крамникті қапы қалдырған Скандинавия түбегінің түлегі әлемдік тәж үшін тартыста үндістандық Вишванатан Анандтан басым түсті. Ал Италияда туып-өсіп, бұл күндері АҚШ-та тұрып жатқан 26 жастағы Фабиано Каруана үстіміздегі жылдың наурыз айында Берлинде өткен турнирде сегіз саңлақтың арасынан суырылып шығып, чемпиондық атақ үшін таласу құқығын жеңіп алды. Сол кездің өзінде-ақ майталман мамандар Карлсен мен Каруана арасындағы бәсекенің аса шиеленісті өтетінін алдын-ала болжаған болатын.    

Расында да солай болды. Олар бір-біріне лайықты қарсылас екен. Чемпиондық тәж үшін талас 9 қарашада басталған. Сол кезден бері 12 партия ойналды. Екеуі де әлі бір-бірінің осал тұсын таба алған жоқ. 12 ойынның барлығы да тең аяқталды. Есеп – 6:6. Енді кімнің әлем чемпионы атанатыны ертең тай-брейкте анықталады.  

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»