• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2018

Халықтың әл-ауқатын арттырудағы нақты қадамдар

584 рет
көрсетілді

Еңбеккерлердің табысын көтеру­ге байланыс­ты 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлініп, ең тө­­мен­гі жа­ла­қының жаңа мөл­ше­рі бүкіл экономика ау­қы­мындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналатындығы, бизнесті өркендету, бизнес арқылы жа­­ңа жұ­мыс орын­­да­рын ашу тұр­ғы­­сын­дағы басым­дықтар республика халқының әл-ауқатын көте­р­у­ге бағытталған маңызды қадамдар болмақ.

Елбасы Жолдауын ықылас­пен қабылдаған Ал­­ма­ты жұртшылығы да білім беру мен денсаулық сақ­­тау­ға, баспа­на­ға қол жеткізуде қала басшы­лы­­ғы­­­ның игі бастамала­ры мен қолданыстағы іс-шара­лар­дың нәтижелі жүзеге асу­ын қалайды. Осы бағытта оңтүстік шаһарда жүзден астам арна­йы шара жүзеге асатын бола­ды әрі Жолдау­ды жүзеге асыру­ға қала бюд­же­тінен 1,5 трлн теңге­ден ас­там қаржы қарастырылып отыр. 

Қазіргі кезде Мемлекет бас­шы­­­­­сы­­н­ың тап­сыр­ма­сы­на орай Ал­ма­ты­ның 2050 жылға дей­ін­гі даму жоспары жасалуда. Қала әкімдігінің мә­лі­меттері бо­­йын­ша, тұр­ғын­­дарға қолайлы орта қа­лып­тастыру үшін жыл сайы­н­­ғы экономикалық өсім 5 пайыз­ды құрап, еңбек өнім­ділігі 2 есеге дейін арт­уы тиіс. Меже­лен­ген жоспар бойынша он бес жыл ішінде жан басына шаққандағы ІЖӨ 1,5 ал отыз жылда 3 есеге дейін өсе­тін бо­лады. Экономист ма­ман­дар­дың пікірінше, қазіргі кезде әлемдік эко­номиканың 70 пайызы қала­лар­да қа­лып­таса­тын­дығын ескерсек, Алматы осындай 600 қаланың тізіміне енген. 

Осы орайда эконо­ми­кан­ың құры­лы­мын жүйелі түрде өзгер­ту қа­жет­тілігі туындайды. Сарап­­шы­лар болжамы бойынша қала халқының саны 2035 жылы 3 миллионнан асуы тиіс. Мұндай жағдайда қала­ның экономикалық белсенді тұрғын­дарының саны 700 мыңға көбейеді. Ол үшін инновациялық қолайлы орта қажет.

Бүгінде Алматы эко­но­ми­­­­ка­­сы­ның 80 пайыз­дан ас­тамын сауда және қызмет көрсету салалары құрайды. Қала басшылығы соңғы үш жылда 240 млрд теңге бөле отырып, сауда саласын көлеңкелі айналымнан шығаруда көптеген сауда нүктелерін заманауи сипатқа енгізді. 

Оңтүстік астанадағы кө­кей­­­­­­кесті мә­се­­ле­лердің бірі – баспанамен қамта­ма­сыз ету. Осы орай­да «Нұрлы жер» бағ­дарламасы бойынша биыл­ғы жылы 6 мың отбасы жа­­ңа пә­тер­ге қол жет­кі­­­зе­тін болса, бұл көрсет­­кіш өткен жыл­мен са­лыс­­тырғанда үш есе­ге дейін көбейеді. Сондай-ақ қала­да «7-20-25» бағ­дарламасы белсенді жү­зеге асуда. Алдағы бес жыл­да жеке инвес­торларды тарта отырып 23 мың жаңа пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ескі үйлерді жаңартудың инвес­тиция­лық әлеуеті 320 млрд теңге­ні құрайды.

Жолдаудың басым ба­ғыт­­­та­ры­­ның бірі – еңбек­ақы­­ны көте­­ру. Алдын ала есеп­­­­­­теу­лер бойын­ша осы мақ­сат­та 25 мың­нан ас­там адам­­­­ды қамту жос­пар­лан­ған. Қа­зіргі кезде қа­ла бас­шылығы еңбек­ақы төлеу­дің жаңа жүйесіне кө­шу­де. Яғни, тиім­сіз шығын­дар­ды оң­­­тай­­­­ландыру арқы­лы мем­ле­кеттік қыз­мет­кер­лердің жалақысын орта есеппен 2 есе өсіру межелен­ген. Жыл басынан бергі аралықта 24 мың жұмыс орны ашылса, жыл соңына дейін тағы да 8 мың жұмыс орнын ашу қарастырылып отыр. 

Осы тұрғы­дан алғанда Ал­ма­ты­да әлеу­­­­меттік саланы қаржы­лан­­дыру соңғы үш жылда 2,5 есе өсті. Биыл­­ғы жылы тек мүмкін­ді­гі шек­теу­лі жандарды қолдау­­ға қала әкімдігінен 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Әлеуметтік қоғамның бас­­ты мәні – адамдар­ға қам­­қор­лық жа­сау болса, «Рухани жаң­ғы­ру» бағдар­ла­­ма­сы аясында алматы­лық кәсіп­кер­лер әлеуметтік бағдарла­маларға көптеп қолдау көрсе­те бастаған. Осы бағытта           7 инклюзивті кабинет ашылса, қаладағы 23 оңалту орталығының 50 пайы­­зы жекеменшікке тиесілі. 

Бүгінде Алматы «Қа­ла адам­­­дар үшін» ұс­та­­нымы бойын­­­­ша жүйе­лі түрде да­м­­­ып келеді. Қала­­ны залал­­ды зат­­тар­дан оқшау­­­лай отырып, қоғамдық кө­­­лік, заманауи велоинфрақұрылымдармен қатар, тұрғын­дар­дың оқу орындарына, жұмысқа барып келуін жеңілдетуде, дене­шынықтыруды насихаттауда көптеген бастамалар жүзеге асуда. 

Қала бойынша қазіргі кезде 650 медицина ұйымы жұмыс істейтін болса, олар­дың 70-і көпсалалы ем­­ха­на­ларға жатады. Бар­лық мем­ле­кеттік мекемелер цирф­лы жүйеге көшіріліп, замана­уи қондыр­ғылармен жабдықталған. 

Сондай-ақ қо­ғамдық кө­лік жүйе­­­сіндегі өз­­­ге­­рістер де бір ба­­ғыт­­­­тан екін­­­ші бағыт­қа қатынаудың тиім­ді­лігін арттыра түсті. Қала автопарктеріне келген жаңа көліктермен қатар, қала көшелерінде сап түзеген электробустардың жылы әрі жолаушылар үшін қолайлы қызметтері алдағы уақытта да жетілдірілетін болады. 

Цифрландыру – экономи­­каның ашықтығын қа­м­та­­масыз етумен бірге, әкім­­шілік әрі бизнестегі кедер­гі­лер­ді жоюға ық­пал ете­ді дейтін болсақ, «Smart Almaty» бо­­­йынша 40-тан астам жо­ба­ның жүзеге асуы, Ситуациялық орталық және «BigData» жүйелерінің қол­да­­ныста екендігі мәлім. «Оңай», «А-паркинг» ар­қы­лы тө­лем жасау же­ңіл­де­тілген. Нәти­жесінде 9 ай ішіндегі салық түсімі өткен жылдың осы кезеңімен са­лыс­тырғанда 12,7%-ға артып, 1,3 трлн теңгені құрады. Ал са­лық­тың көп жиналуы бизнеске қолдау көрсетуге және қала тұрғындарының әлеуметтік шығындарына жұмсалатын қаржыны арттыра түседі.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ, 

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ