• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2018

Елбасының қатысуымен пленарлық отырыс басталды

481 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбындағы пленарлы отырыс жұмысына қатысып жатыр. 

Форумға еліміздің барлық өңірінен келген 850-ден аса делегат қатысып жатыр. Жиын барысында тəжірибелі 100-ден аса кəсіби сарапшы, Парламент депутаттары, министрлер, қоғам белсенділері баяндама жасайды деп күтілуде.  

Сондай-ақ 13 орталық мемлекеттік органның бірінші басшыларының қатысуымен үкіметтік емес сектордың өкілдеріне арналған параллель салалық сессиялар ұйымдастырылады. Қатысушылар 2020-2025 жылдарға арналған Азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылайды.

Форум соңында әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға «Таным» жүлдесі табысталады.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»