• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2012

Аңшы

460 рет
көрсетілді

Аңшы

«Қасқырмен бетпе-бет келгенде қорыққан емеспін. Мұның мәні – өзіме сенімділік», – дейді Шеңбертал ауылының тұрғыны Жәнібек Баймұханов. Ол аң аулауға шындап ниеттенсе, бос қайтпайтындығын айтады. Талай қасқырды қақпанмен-ақ қолға түсіріпті.– Қасқырдан бір рет қана қорық­қаным бар. Онда да өз өмірім үшін емес, деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз. Бір жылы жазда шабындыққа таяу жерге қақпан құрып кеткенмін. Екі-үш күннен соң келсем, қасқыр қақпанды қазығымен жұлып, сүйретіп кетіпті. Содан сол маңда шөп шауып жүргендерге жақын жерде қасқыр болуы мүмкін екендігін айттым. Олар сенбеді. Атқа мініп, жан-жақты барладым. Көп ұзамай қақпаннан қашып шыққан бөріні таптым.

«Қасқырмен бетпе-бет келгенде қорыққан емеспін. Мұның мәні – өзіме сенімділік», – дейді Шеңбертал ауылының тұрғыны Жәнібек Баймұханов. Ол аң аулауға шындап ниеттенсе, бос қайтпайтындығын айтады. Талай қасқырды қақпанмен-ақ қолға түсіріпті.– Қасқырдан бір рет қана қорық­қаным бар. Онда да өз өмірім үшін емес, деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз. Бір жылы жазда шабындыққа таяу жерге қақпан құрып кеткенмін. Екі-үш күннен соң келсем, қасқыр қақпанды қазығымен жұлып, сүйретіп кетіпті. Содан сол маңда шөп шауып жүргендерге жақын жерде қасқыр болуы мүмкін екендігін айттым. Олар сенбеді. Атқа мініп, жан-жақты барладым. Көп ұзамай қақпаннан қашып шыққан бөріні таптым. Мені көрген көкжал қаша жөнелді. Ал ол кеткен бағыт шөп шабушылардың қосы еді. Қатты қорықтым. Себебі, қасқыр шөпші­лердің үйіне кіріп кетуі әбден мүмкін ғой. Жанталасып ілгері ұмтылып, тағының алдынан шығып, үйдің есігінің алдына келгенде аттан секіріп түстім. Қасқыр қостың қапталымен өтіп кетті. Әбден шаршағаны сонша, жүрісі баяулады. Содан аттың шылбыры арқылы қолға түсірдім.Екі-үш жыл бұрын қақпанмен 5-6 қасқыр алдым. Соның біреуінің жағын қарыстыра бекітіп, ауылға тірілей әкелдім. Себебі, құрдасыммен бәстескен едім. Ол бөріні тірі күйінде әкелсем жеңілетінін айтқан-ды. Көбіне қасқыр аулауға қыста шығамын. Біреулер бәстессе, жазда да қақпан құрамын. Дегенмен, осы уақытқа дейін бәстескендер сөзінде тұрған жоқ. Бұл үшін қапаланбаймын. Ең бастысы, мақсатымды орындадым. Сындарына төтеп бердім. Соған қуанамын.Топтасқан қасқырға тап болған жоқпын. Қазақта: «Қасқыр жігітті көрсе, жеті қырдан асып кетеді», «Ит иесіне сенеді, иесі итке сенеді» деген бар. Топ қасқырдың ортасында қалмауымның бір себебі итімнің арқасында деп ойлаймын. Иттің де ерекшесі бар. Аңшының иті қасқырдан қорықпайды. Әдетте бөрі жақын маңда бар болса, ит белгі береді. Үріп, қыңсылап қоймайды. Егер сол төңіректе қоян, киік, түлкі бар екенін сезсе, соларды іздеп кетеді, – дейді аңшы.Өзінен зорды, айбатты, қайратты адамды қасқыр да біледі. Адам күшті болса, бөрі әлсірей береді. Ал аңшы қорықса, ол керісінше, күш жинайды. Сондықтан, жыртқышқа әлсіздігіңді сездіріп алмаған дұрыс. Бұл туралы кейіпкеріміз былай дейді:– Негізі, қасқырлар адамға босқа тиіспейді. Себебі, олар адамның өзінен гөрі мықты жаратылыс екенін біледі. Адамға шабатыны – қартайған қасқырлар. Олардың бір-екі тісінен басқасы түсіп қалады. Ет жемеген соң жыртқыштар алжиды. Сосын жолында кездескеннің бәріне соқтығады. Мұндай қасқырлардың тісіндегі у күштірек болады.Егер біреу қасқырдың бөлтірігін алып, оны басқа бір жерге барып бауыздаса, күшігінің қаны тамған сол маңдағы малдың бәрін жыртқыш қырып кетеді. Мұның бір пайдасы бар: егер қасқыр даладағы малға тыным бермесе, оның күшігін алып, алыс, елсіз жерге апарып қанын шығарса, қасқырдың бәрі сол жаққа ауа­ды. Жыртқыштан малды қорғаудың тағы бір тәсілі: қасқырдың өлексесін белгілі бір аумақты айнала сүйресе, жыртқыш сол маңды қайта аттап баспайды екен.Жәнібек Ертөреұлы қасқырдың өте сақ, айлакер екендігі жөнінде былай дейді:– Қасқыр – сақ аң. Алдын ала қай жердің қауіпсіз болатынын барлап біліп алады. Мысалы, біздің жақта бөрілер жазда көбіне Ащы деген жердің маңында жүреді. Себебі, оның суы жарамсыз болғандықтан мал да, адам да бармайды. Әрі ол жер жыртқышты көлікпен аулайтын инспекторлардың тұзағына түспеуге ыңғайлы.Қасқыр орман, тоғайдың ішін паналамайды. Өйткені онда адамның қай жерде аңдып тұрғанын білмейді. Ал күз бен қыста бөрілер тау, шоқының басын мекендейді. Биікте болғандықтан оны аңшы көлікпен қуа алмайды.Қасқырлар топтасып та, жалғыз да жүреді. Бәрі бір ізді басады. Белгілі бір жерге келгенде жан-жаққа бөлінеді. Сол бөлінген жерден ғана олардың қай бағытта екенін анықтауға болады. Әдетте қасқырлар малды жазда көбірек өлтіріп кетеді. Мұнысы – қысқа қамданғаны. Басқа аң-құстар өлексені жәукемдегені­мен, қалғандарының өзі қасқыр үшін мол азық. Себебі, түлкінің тісі батпағанға қасқырдың тісі өтеді. Қасқырлардың өз аймағы, меншікті мекені болады. Олардың бір-бірінің шекарасына кіруі өте сирек деп аяқтады аңшы өз әңгімесін.Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы.