• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2018

Елбасы көлігі – ел көзайымы

853 рет
көрсетілді

Шамалған ауылындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы осыдан бір жыл бұрын ашылған болатын. 

Осы мерзім аралығында Елбасының кіндік қаны там­ған ауылдағы руханият ордасынан адам аяғы арылған емес. Өйткені бұл орталық Нұрсұлтан Назарбаевтың Мем­лекет басшысы ретіндегі өрнекті өмір жолынан сыр шертіп қана қоймай, тұтас еліміз­дің тәуелсіздік тарихынан мол мағ­лұмат беретін мекенге айналды.

Орталықтың ашылу сәтінде Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев ерекше сый ретінде Мемлекет басшысының 2001 жылы мінген қызметтік автокөлігін тарту еткен еді. Президентке қызмет көрсеткен сол «Мерседес» машинасы қазір рухани орталыққа келу­шілердің қызыға тамашалайтын экспонатына айналыпты.

– Орталық бір жылдың ішін­де ел көңілінен орын тауып, келу­шілердің қызығушылығын оят­қан рухани орынға айналды. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертетін та­нымдық орта­лықтың міндетін Шамал­ған­дағы ор­та мектеп жа­нын­дағы музей атқарып келген еді. Ал «Ата­­мекен» тарихи-мәдени ор­та­­лығы шамалғандықтар ға­на емес, тұтас еліміздің мақ­та­нышы болатындай рухани кешенге айналды, – дейді орталық директоры Жәмилә Елғондиева.

Айтпақшы, мұнда келу­шілерді қызықтыратын экспо­наттың бірі – Мемлекет басшысы пайдаланған үкіметтік автокөлік дедік. Әсіресе ор­та­лыққа жиі келетін мектеп оқушылары Елбасы мінген көлікті айналшықтап жүреді екен. 

Жалпы, бұл орталықтың алтын қорына жиналған барлық экспонаттар Елбасының бала­лық шағынан бастап егемен елдің Көшбасшысына айналғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Құнды жәдігерлерді жинақтауға Ша­мал­ғандағы тарихи өлкетану мұражайы, орта мектептің ұжы­мы жұмылса, Мемлекет бас­шысының жазба еңбектері мен танымдық фотосуреттері, әр жылдарда жарық көрген кітаптары Елбасы кітапханасы мен Ұлттық кітап­хана мұрағатынан алынып, ел назарына ұсынылуда.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы