• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Желтоқсан, 2018

Жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде өтеді

1319 рет
көрсетілді

Неге ағылшын тілін үйрену керек? Өйткені бұл бүкіл прогрессивті әлемді байланыстырады. Бұл ғылым мен технологияның тілі. Бұл экономикадағы және бизнестегі зерттеулердің басым бөлігін жасайтын құрал. Ағылшын тілін меңгеру адам үшін үлкен перспективалар ашады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастарға өзгерістерден қорықпай, ағылшын тілін жан-жақты зерделеу, үйрену керектігін айтқан болатын. Сондықтан еліміздің бастауыш және орта білім беру мекемелерінде шет тілін үйретудің кешенді бағдарламалары жасала бастады.

Жуырда Шымкент қаласында өт­кен «Cambridge және Қазақ­стан Республикасындағы тіл құзыр­етін (Ағылшын тілі) үйрету­дегі және бағдарлаудағы үрдістер» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда мектептердің оқу бағ­­­­­дар­­ламаларында ағылшын тілі пәні мен оқу-әдістеме­лік м­а­те­риалдардың мазмұнын же­тілдіру мә­селелері талқы­ланды.

Әуелі «Қазақстандық білім беру реформасы: ағылшын тілін оқытудың негізгі бағыттары. Кембридждің оқу үрдісіндегі рөлі» жөніндегі сессия жиынында Кембридж университетінің бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Паул Константин Збихли Орта Азия кеңіс­тігіндегі ағылшын тілінің болашағы туралы қысқаша әңгімелеп берді. 

Жиында сөз алған Кембридж уни­версите­тінің баспасөз трен­ері, бі­лім беру жобасының ке­ңес­­шісі Питер Холли аталған оқу ордасының оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және бейімдеудегі пе­да­­го­гикалық әдіс-тәсілдеріне тоқ­та­лып, жаңартылған білім беру жүйесінің тиімділігін айтып өтті. 

Ланкастер университетінің (Ұлыбритания) ЭЛТ қолдан­ба­лы лингвистикалық бағдар­ла­ма­сында консультант-әдіскер Ирина Титаренко бағалаудың тіл­дік оқытуға әсері жөнінде әң­гі­мелеп, өркениеттің келе­ше­гі тек технологиялық прогресс пен экономикалық өсу деңгейіне ғана емес, адами капи­талдың сапасына да байланысты деді. Әрі осы адами капитал­ды дамытудың, үздіксіз жетіл­дірудің басында көп­тіл­­ділік ұғымын басты назарға алуға шақырды. Ол үшін бас­тауыш сыныптардан бастап, әлемдік тілдерді кезең-кезеңімен ұрпақ жадына сіңіріп, оқу бағдарламаларында әртүрлі форматтар арқылы үйретуге болады деді. 

– Елімізде жəне дүние жүзінде жү­ріп жатқан жаһандану, əлеу­мет­тік, экономикалық жəне сая­си өзгерістер шет тілін білу­ге деген құлшынысты арттырып, оның қоғамдағы рөлін күшейтіп отыр. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін мең­геру өзекті екені сөз­сіз. Осы кезеңде біліктілігі жо­­­ғары дə­­режеде дамыған, бі­л­імі жағынан бəсекеге түсе ала­тын, болашақ­та өзін халық­ара­лық ең­бек нарығында еркін се­зі­нетін мамандар дайындау­ мəселесі отандық жоғары оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл жолға жету үшін балаға ерте жастан шет тілдерін жүйелі түрде үй­ре­ту керек, – дейді конференция қонақтары. 

Сала мамандарының пікіріне жүгінсек, жеткіншектердің көбі жаңа технология мүмкіндіктерін меңгерген. Сондықтан ағылшын тілі сабақтарында компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану өте ыңғайлы. Оқыту­дың компьютерлік технологиясы білім алушыларға ақпаратты компьютер арқылы дайындау жəне беру процесімен жүзеге асады. Компьютерлік технологияға əртүрлі оқыту əдістерін енгізу арқылы жеткіншектерді қызық­ты­р­у­ға болады. Мәселен, ба­ла жадына тез сақталатын түр­­лі интеллектуалдық ойын, мульт­фильмдегі ерекше образдар­ды ағылшын тілінде сөйлету арқылы тілді оңай сындыруға болады. 

– Елімізде 2019 жылдан бастап ұстаздар мектептерде физика, химия, био­логия, информатика пәндерін ағылшын тілінде өтеді. Бұл білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүргі­зілмек. Бұл жиында біз бастауыш, орта білім беру мекемелерінің пән­дік бағдарламасына егжей-тегжейлі талдау жасап, шет тілін үй­рену­дің озық методикасын кәдеге жаратуды көздедік, – дейді Шымкент қаласының бас ұстазы Ақерке Абылайхан. 

Көпші­лікті қызықтырған та­қыр­ыптардың бірі Қазақ­станның орта мектептері үшін «Сэньмэн» жобасының шең­бе­рінде Кембридж университетінің білім беру ресурстарын цифр­лан­дыру болды. Аталған та­қы­рыпта Ресейден келген Skyeng жобасының менеджері Иван Шишкин қызықты мысал келтірді. Әрі тіл үй­рену­ші­лерге skyeng.ru сайты арқылы виртуалды ұстаз таңдап, қашықтықтан білім алуға болатындығын жеткізді. Мұнда ағылшын тіліне саяхат жасап, оқу бағдарламаларында онлайн диалог құруға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда бұл интернет сайтта 4,5 млн сабақ болып, бір мезетте 5250 мұғалім, 50 мың тіл үйренушіге ағылшын тілінде дәріс оқи алады. 

Шымкентте екі тілде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейген. Ы.Алтынсарин атын­дағы №65 мектеп-гимназияның жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері дәрістерді ағылшын тілінде жүргізіп келеді. Тіпті жаңа жүйеге көшкен педагог пен оқушылар сабақ арасында түрлі ми сергіту жаттығуларын жасау­ды әдетке айналдырыпты. Бұл мұ­ға­лімнің дәрісті қызықты өтіп, оқу­шының оңай қабылдауына оң ықпал етеді.  Қаладағы №65 мектеп-гимназияда бүгінде 187 мұғалім болса, оның 10-нан астамы ағыл­шын тілін меңгеріп, тілді өзіне тиесілі пән­де сәтті жүзеге асырған. Тиі­с­ін­ше талапқа сай жұмыс іс­­теген педагогтердің жала­қы­сы да жоғарылаған. Бүгінде үшінші мегаполисте барлығы 147 мектепте 16 325 педагог ағартушылықпен айналысады. Ал екі тілде сабақ беретін мұғалімдер саны 775-ке жеткен. Жыл соңына дейін ағылшын тілін меңгеріп, тиісті пәндерін қос тілде өтетін педагогтер саны 1000-ға артпақ.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»

ШЫМКЕНТ