• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2018

Маңғыстау облысы «7-20-25» бағдарламасы бойынша республикада үшінші орында

451 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы «Өңірлік Коммуникациялар қызметі» алаңында мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасы мен тұрғын-үйге қатысты өзге де сұрақтарға арналған брифинг өткізілді. Шараға Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Шагирбаев Имаммахмуд және екінші дәрежелі банктердің өкілдері қатысты.

Мамандардың айтуынша, Маңғыстау облысы «7-20-25» бағдарламасын іске асыруда Алматы мен Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында. Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша жаңа шағын аудандардағы 24 жер телімінде салынып жатқан тұрғын үйлердің жартысы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін болады. Екінші дәрежелі банктерге 2 млрд. 872 млн. теңгені құрайтын 371 өтінім келіп түскен.

Ақтау қаласында құрылысы аяқталған, бос пәтерлер бар тұрғын-үйлер де жоқ емес. Жыл соңына дейін 33 шағынаудандағы «Аққу-1» тұрғын үйі мен 17 шағын аудандағы «Айрақты-2» тұрғын үй кешені, 16 шағын аудандағы «Лепес», 16 шағын аудандағы «Абырой» тұрғын-үй кешендерінің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 айда 944,960 мың шаршы метр тұрғын-үй кешенінің жоспары іске асырылып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39% өскен (675,8 мың шаршы метр).

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы