• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2018

Павлодар облысында 1 мыңнан астам кәсіпорын 1,6 трлн. теңгенің өнімін шығарған

303 рет
көрсетілді

 

Облыс әкімдігінің хабарынша, алда келе жатқан  ел мерекелеріне орай өңірдегі өндіріс орындары жылды табыспен аяқтап, көрсеткіштерін еселеуде.

Бұл күндері облыс  орталығындағы «Мұнай-химия зауыты» ЖШС жаңғыртудан өткен соң жылына 6,8 миллион тонна мұнайды өңдей алатын қуатты мүмкіндікке жетті.

Мысалы, өңірде өндірілетін мыс, ферроқорытпа, өңделмеген алюминий әлемнің 40-тан астам еліне жіберіледі.  Биыл экспорттық тауар алмасу 2 есеге, сыртқа шикізаттық емес өнімді сату көрсеткіші 2,5 есеге өскен.

Ал, электр энергиясының  22 млрд. кВт/сағ сыртқа экспортталады және еліміздің өзге өңірлеріне таратылады. Жыл басынан бері облыс аумағындағы стансаларда 38 млрд. кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Келесі жылы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-қа қарасты №5 ші энергоблок пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Екібастұздағы ГРЭС-2 стансасының №3 ші энергоблок құрылысы жалғасуда.

Келер жылы облыс орталығында, Ақсу, Екібастұз қаларларында жылумен қамту тарифі 7 пайызға, электрмен қамту құны 3,1 пайызға, сумен жабдықтау тарифі 9,4 пайызға төмендейді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР