• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Желтоқсан, 2018

Қарағандының құс фабрикаларына 1,1 млрд теңге субсидия берілді

353 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында алты құс фабрикасы жұмыс істейді: оның төртеуі  жұмыртқа шығарумен айналысса, қалған екеуі тауық етін өндіреді. 2018 жылы осы фабрикаларға 1,1 млрд теңге  субсидия бөлінді.

– Жұмыртқа өндіруге кеткен шығынды арзандату үшін жыл басынан бері құс фабрикаларына 559 млн теңге субсидия берілді. Ет өндіретін құс фабрикалары 230 млн теңге алды. Қарашада облыстық бюджетті соңғы рет нақтылаған кезде мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 950 млн теңге бөлінді және осы соманың жартысынан астамы құс өндіру саласына бағытталды, – деді Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.

Облыста жыл басынан бері шамамен 600 млн дана жұмыртқа өндірілген. Бұл көлем ішкі қажеттілікті қанағаттандыра алады. Өнім шет елге экспортталады. Биылғы жылы Ауғанстан мен Өзбекстанға Қарағанды облысынан 170 млн дана жұмыртқа жіберілген.

– Мемлекеттік қолдаусыз біз дами алмайтын едік. Субсидияның  арқасында өндірісімізді жаңартып, жаңғыртып жатырмыз. Қазіргі таңда біз екі құс сақтаушы ғимаратта жабдықтарды жаңартуды аяқтап қалдық. Осы жылы құс тезегін өңдеуге арналған биогаздық стансаны іске қостық және өндірілген электр қуатын қазірден бастап сыртқы нарыққа «жасыл бағамен» сатып жатырмыз, – дейді «Құрма» Агрофирмасы» ЖШС-нің  директоры Александр Диденко.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды