• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Желтоқсан, 2018

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр

491 рет
көрсетілді

Бүгін Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға тоғыз партия мен екі блок қатысуда. Армения заңы бойынша парламентке өту үшін партиялар - 5%, блоктар - 7% дауыс жинауы тиіс. 

Армениядағы кезектен тыс Парламент сайлауында Никол Пашинян «Менің қадамым» блогымен көш бастап тұр. Армения Орталық сайлау комиссиясының алдын ала таратқан ақпараты осы. Ереван балабақшасындағы сайлау уческесіне Пашинян әйелі және қыздарымен бірге келді.

Сайлауға 9 партия мен 2 блок қатысты. Оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымынан (ЕҚЫҰ) 17 мың бақылаушы дауыс берді

«Осы сайлау төңірегіндегі ахуал басқаша және біз мұны өте жақсы түсінеміз. Бірақ біз бейтарап, тәуелсіз болуымыз керек және ешқандай саяси көңіл-күйге берілмеуіміз керек», деді ЕҚЫҰ бақылау комиссиясының басшысы Урсула Гачек.

Арменияның жаңа конституциясы бойынша парламенттік республика және ел азаматтары «Барқыт» төңкерісінен кейін сайланған Ұлттық жиналыс олардың үміттерін ақтайтынына сенеді.

«Мен жаңа Парламентке бірінші кезекте армияны сүйетін патриот адамдар кіреді деп үміттенемін. Армян халқы заңды сақтайды», «Мен өзгерістер күтемін. Елдің дамуына алып келетін өзгерістер», деп қарапайым халық пікір білдіріп жатыр.

Республикашылдарды басқаратын бұрынғы Қорғаныс министрі Виген Саргсян сайлау учаскесіне отбасымен келді. Бюллетенді жәшікке салмас бұрын сайлаудан кейін Армян қоғамының бріктірілетінінен үмітті екенін жеткізді. Бұрынғы билеуші партияның Парламентке өтпеуі мүмкін. Республикашылар дауыс беру барысында заң бұзушылықтардың орнын алғанын мәлімдеді. Екінші орында кәсіпкер Гагик Царукянның «Көркейген Армения» партиясы және үшінші орында «Дашнакцутюн» партиясы тұр.