• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 10 Желтоқсан, 2018

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте тағы бір сатыға төмендеді

365 рет
көрсетілді

Кәсіпқой боксшылардың BoxRec рейтингі (P4P) қайта жаңартылды. WBA (Super) және WBO нұсқалары бойынша Нью-Йоркте өткен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте пуэрторикалық Хосе Педрасаны ұтқан украиналық Василий Ломаченко екі сатыға жоғарлап, үздік үштіктің қатарына қосылды.

Осылайша, Василий Ломаченко (13 жекпе-жек, 12 жеңіс, 9 нокаут. 1 жеңіліс) өзінің отандасы Александр Усик (16 жекпе-жек, 16 жеңіс, 12 нокаут) пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (39 жекпе-жек, 37 жеңіс, 9 нокаут, 1 жеңіліс, 1 бәсеке тең аяқталды) бір-бір сатыға төмен сырғытты. Бұл күндері Усик – төртінші, ал Головкин – бесінші орынды иеленуде.

Үздіктер көшін Теренс Кроуфорд бастап тұр. 31 жастағы АҚШ боксшысы осы күнге дейін 34 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 25 кездесуді нокаутпен аяқтады. Екінші орында – Сауль Альварес. 28 жастағы Мексиканың мықтысы 53 мәрте рингке көтеріліп, 50 рет жеңіс тойын тойлады. 34 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 1 рет ұтылып, екі жекпе-жекте тең есеп тіркелді. Сондай-ақ, мексикалық Луис Нери, таиландтық Срисакет Сор Рунгвисаи, мексикалық Мигель Берчельт, ұлыбританиялық Энтони Джошуа және мексикалық Лео Санта Крус «ТОП-10» боксшының қатарына еніп отыр.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»