• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Желтоқсан, 2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

374 рет
көрсетілді

Францияның Страсбург қаласының орталығы Клебер алаңындағы Орфевр көшесінде ұйымдастырылған рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда болған атыста 4 адам қаза болды және 12 адам жарақат алған. Аталған жәрмеңкеге жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мыңдаған адам келеді. Қаланың мэрі Ролан Рис тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды, деп хабарлайды euronews. 

Франция билігі бұл оқиғаны теракт деп бағалап отыр. Франциялық БАҚ өкілдерінің жазуынша, қарулы шабуыл жасаған азаматтың есімі белгілі. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей алаңында өтуі тиіс мәжілісті тоқтатты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Страсбургтің көшелерінде орын алған атыс кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар жоқтығын анықтауда. Франциядағы дипломаттарымыз жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста.

Францияда жүрген азаматтарымыздың естеріне саламыз, төтенше жағдай туындаған кезде шетелдегі мекеменің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайттарында көрсетілген байланыстар арқылы Елшілікке дереу хабарласыңыз.