Әйелдерге қатысты әр түрлі әлімжеттіктерді жою жөніндегітуралы Конвенцияға сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті.
Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты ұйытқы болған аталмыш шараның діттегені – әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігі мен бостандығына қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты талқылау, нақты шаралар қабылдау.
Нәзік жандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, құқықтық сауаттылықты арттыру орайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу де осы акция аясында қарастырылды.
– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі тек нәсілін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана ғана қатысты емес, яғни басқа жағдайлардан да туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады, – дейді шара ұйымдастырушылары.
Қыздар университетіндегі 16 күнге созылған акцияда жалпыуниверситеттік дөңгелек үстелдер, ақпараттық-танымдық дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ