• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

1040 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті.

Америка Құрама Штат­тарының Президенті жеке өзі­нің және барша Америка хал­қының атынан Қазақстан хал­қын Тәуелсіздіктің 27 жыл­ды­ғымен құттықтады.

«АҚШ Қазақстанның тәуел­сіз­дігін 1991 жылы алғаш рет мо­йындаған уақыт­тан бері елде­ріміз үнемі екі­жақты байла­ныс­­тарды нығай­ту жо­лын­да жұ­мыс жүр­гізіп келеді. Сіз­дің биылғы қаң­­­тардағы Вашинг­­тонға са­парыңыз осы жыл­дар ішін­де елдері­міз арасын­да қалып­тас­қан қа­рым-қаты­нас­тарымызды ілге­ріле­туге және нығайтуға тың сер­пін берді», – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуі­мен Қазақстанның ядролық қа­руды таратпау ісінің көш­бас­шысына және бейбіт өмірдің жақтаушысына айналғанын атап өткен.

«Мен берік ынтымақтас- тығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Сізге және Қазақстан халқына келе жатқан Жаңа жылда табыс пен бақ-береке тілеймін!», – делінген АҚШ Президентінің құттықтау хатында.

Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке және табыс тіледі.

«Ұлттық мерекелеріңізге орай келе жатқан жылы Қазақ­стан халқына амандық пен бақыт тілей отырып, зор ілтипа­тымды жеткізгім келеді», – делінген жеделхатта.

Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Ко­рольдігінің тақ мұрагері Мұ­хаммед бен Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд барша Қазақ­стан халқының өсіп-өркен­дей беруіне тілектестік білді­ріп, барлық саладағы екіжақ­ты ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтуға ниетті екенін жет­кізген.

Рим Папасы Франциск Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуел­сіздік күнімен құттықтап, бүкіл Қазақстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген жылы лебізін жолдаған.

Марокко Королі IV Мұхам­мед өз жеделхатында Қазақстан мен Марокко арасындағы қа­рым-қатынастарға жоғары баға беріп, екі мемлекет халық­тарының игілігі үшін ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағыт­талған жұмыстарды жалғас­ты­руға ниетті екенін білдірді.

Сондай-ақ Куба Респуб­ликасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Диас-Канель Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік қүнімен құттықтап, бақ-береке тілеген жеделхатын жолдады.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі­нің хатында: «Қазақстан тә­уелсіздік жылдарында мем­лекеттілікті нығайту, халық­тың әл-ауқатын және елдің халық­аралық аренадағы беделін арттыру жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. Түрікменстан мен Қазақстанның екіжақ­ты қа­тынастары жоғары дең­гейде екені қуантады. Бұл ел­деріміз ара­сындағы табысты ын­тымақ­тастық пен өзара тығыз байла­ныстың түрлі бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді», – деп атап өткен.