• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Желтоқсан, 2018

Еуро-2021: қарсыластар анықталды

411 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан жастар құрама­сының 2021 жылы Венгрия мен Словенияда өтетін Еуропа чемпио­натының іріктеу кезеңіндегі қарсы­ластары белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша, Талғат Байсуфинов жаттықтыратын жастар құра­масы Испания, Израиль, Черногория, Маке­дония және Фарер аралдары футболшы­лары­мен бір топқа түсті. Еуропа чемпио­наты­ның өт­кен іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Чер­ногориямен бір топта сынға түскен болатын.

2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің ойындары 2019 жылдың наурызында басталып, 2020 жылдың қазан айында аяқталады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»