Анкарада жүрдек пойыздың екі вагоны рельстен шығып кетті. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, 43 адам зардап шекті. Бұл туралы қала губернаторы Васип Шахин мәлімдеді, деп хабарлайды NTV телеарнасы.
Ресми ақпарат бойынша, Анкара-Конья жолаушылар жүрдек пойызы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:30-да Енимахалле ауданында Маршандиз стансасында жерасты жаяу өтпе жолына соқтығысты.
Қазір жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, апаттың мән-жайы тексеріліп жатыр.