• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Желтоқсан, 2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

430 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ өмір сүретін адамдарға арналған (АӨА), яғни вирусқа қарсы (АРВ) препараттарды қабылдау уақытын ұмытып кетпеуге көмектесетін POZ.INFO мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті.

Мобильді қосымшаны «AFEW Kazakhstan» Қоғамдық Қоры Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) көмегімен АИТВ-ға қарсы іс-қимыл жобасы шеңберінде жасалды. POZ.INFO қосымшасында дәрі-дәрмектер және пациентті емдеудің жеке схемасы туралы ақпаратты, АРВ қабылдау уақытын еске түсіретін оятқыш, АӨА және форумға қарым-қатынас үшін көмектесетін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың байланыстары бар.

– Қосымшаны орнату оңай, онда дәрігер тағайындаған препараттарды таңдау, күнін, таблеткалар мен қабылдаулардың санын көрсету, қабылдау уақытын орнату және ұсынылған нұсқалардан ескерту мәтінін таңдау,а болады. Сонымен қатар, қосымшада «АИТВ-инфекциясы», «иммундық жүйе», «вирустық жүктеме» және «CD4-лимфоциттер» ұғымдары туралы ақпарат табуға болады», – деді «AFEW Kazakhstan» атқарушы директоры Роман Дудник.

– Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру – уақыт талабы. Осы АӨА-ға арналған мобильді қосымша қолдану оңай әрі арзан. Біздің науқастар оның осы жақтарын бағалап, осы техникалық жаңалықты қуана қолданады, – дейді Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігерінің орынбасары Альфия Денебаева.

POZ.INFO қосымшасы тегін, жасырын, тіркеуді талап етпейді және дербес деректерді сақтамайды. Ол Play Market және Appstore-да Android және iOS платформаларында қолжетімді. Қосымша Алматы қалалық ЖИТС орталығы базасында АИТВ-мен өмір сүретін жандар арасында сәтті сынақтан өтті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ